Синяговский ҰҚШҰ-нан әскери көмектің келу себептерін атады

19 Қаңтар 2022, 14:54
1396
Бөлісу:
Синяговский ҰҚШҰ-нан әскери көмектің келу себептерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский мәлімдеді. 

Миссияның қысқа мерзімді орналастырылуының құқықтық негізгі ұйымның құжаттары болды. Ең алдымен бұл 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт және 2007 жылғы 6 қазандағы бітімгершілік туралы келісім сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің тиісті үндеуі, -деді ол. 

Оның мәлімдеуінше, бітімгерлердің елімізге келу себебі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 4 бабында көрсетілген. 

Егер қатысушы мемлекеттердің біреуі қандай бір мемлекеттің немесе топтың тарапынан агрессияға ұшыраса бұл осы шартқа қатысушы барлық мемлекеттерге қарсы агрессия болып есептеледі. Мұндай агрессия болған жағдайда барлық өзге елдер қатысушының өтініші бойынша оған қажетті соның ішінде әскери көмекті кідіртпей көрсетеді деп нақты жазылған, -деді СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский.

Өзгелердің жаңалығы