Синтетикалық есірткімен күресті күшейту керек - Қарақат Әбден

10 Қараша 2022, 13:44
932
Бөлісу:
Синтетикалық есірткімен күресті күшейту керек - Қарақат Әбден

Бұл туралы Президентікке үміткер Қарақат Әбден өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін тағы бір үлкен дертке айналған проблеманы ортаға салғым келіп отыр. 
Ұлт болашағына нағыз қауіп төндіретін мәселе – есірткі. Талай азаматтарымыздың санасын улады, тағдырын құртты. Қазір мамандар дабыл қағуда. Осыны естігенде бірден ине ұстаған нашақорларды елестетеміз. Бірақ жағдай одан да күрделі, - деді ол.

Үміткер есірткіні қолданушылар арасында жастар көп екенін айтты.

Қазір синтетикалық есірткінің заманы. Арзан әрі қолжетімді бұл есірткінің зардабы өте ауыр.  Есірткіге тәуелді болғандардың арасында жастар көп. Синтетикалық есірткіні қолданатындардың қатарында тіпті мектеп оқушылары да бар. Статистика өте қорқынышты. Нашақорлардың қатары неге жасарып бара жатыр? Осыны бүгін анықтап, әрекет жасамасақ, ертең тым кеш болады. Неге есірткіні сатып алу тым оңай? Құзырлы мекемелер қайда қарап отыр?, - деді Қарақат Әбден.

Өзгелердің жаңалығы