Синоптиктер ШҚО-да дауылды ескерту жариялады

9 Шілде 2019, 15:23
1751
Бөлісу:
Синоптиктер ШҚО-да дауылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады.

«10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерде бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді», - делінген хабарламада.

Өскемен қаласында 10 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Сондай-ақ, Семей қаласында 10 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздің бірнеше облысында 41 градусқа дейін күн ысиды.


Өзгелердің жаңалығы