Синоптиктер ШҚО-да үсік жүруі мүмкін екенін ескертті

4 Маусым 2020, 23:15
1574
Бөлісу:
Синоптиктер ШҚО-да үсік жүруі мүмкін екенін ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша,  5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20, 23-28 метр жылдамдықпен ұйытқиды. 

Өскеменде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан қатты жел соғады. 

Семейде де найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. 6-сынан 7 маусымға қараған түнде топырақ бетінде мұз болып, кей жерлерде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. 

Дауылдың болу ықтималдылығы – 80-90%.


Өзгелердің жаңалығы