Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

20 Қазан 2024, 19:34
447
Бөлісу:
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер ертең, 21 қазанда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с.

Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, 21 қазанда солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-22 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 21 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, 22 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы