Синоптиктер: Еліміздің үш облысын тұман басады

28 Қаңтар 2021, 17:08
1201
Бөлісу:
Синоптиктер: Еліміздің үш облысын тұман басады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.

29 қаңтар-2 ақпанда Жамбыл облысында кей жерде тұман күтіледі. 1-2 ақпанда кей жерде көктайғақ күтіледі. 29 қаңтар-2 ақпанда кей жерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 30 қаңтар-1 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 29 қаңтар-2 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі. 1-2 ақпанда кей уақытта көктайғақ күтіледі. 30 қаңтар-1 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.    

29 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, қөктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қаласында түнде және таңертең 29 қаңтарда тұман күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы