Синоптиктер: Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады

24 Ақпан 2023, 18:36
1041
Бөлісу:
Синоптиктер: Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады
Фото: inform.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2023 жылғы 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуларынша, еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР көп бөлігінде жауын-шашын, еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, ҚР солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі. Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен таяудағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман күтіледі, - делінген ведомство хабарламасында.

ҚР-ның батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының жоғарылауы күтілуде, қалған аумақтарда – ауа температурасы төмендейді, алайда қатты аяз күтілмейді.

Өзгелердің жаңалығы