Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

25 Сәуір 2023, 02:24
764
Бөлісу:
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
Фото: aikyn.kz

Синоптиктердің мәлімдеуінше, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы