Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.
17 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.
17 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетпек.
Нұр-Сұлтан қаласында ертең қар, бұрқасын сақталады. Күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с жетпек.
Ертең Қостанай облысында бұрқасын болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, таңертең және күндіз қалың қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
17 қаңтарда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетпек.
Петропавл қаласында ертең бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с.