Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қаңтар күні Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды.
"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, ауа сапасының ластануы Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей, Теміртау, Өскемен және Шымкент қалаларында күтіледі.Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.