Синоптиктер 3 облыста дауылды ескерту жариялады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері&nbsp; ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста дауылды ескерту жасады.</h4>

 5 Қаңтар 2020 2020, 16:10
5 Қаңтар 2020 2020, 16:10
2010

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста дауылды ескерту жасады.

6 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.

6 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

6 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Шымкент қаласында 6 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Түркістан қаласында 6 қаңтар күні тұман түсіп, көктайғақ болады.



Наверх