Сингапурлық мамандар коронавирустың аяқталу мерзімін атады

5 Мамыр 2020, 12:15
2055
Бөлісу:
Сингапурлық мамандар коронавирустың аяқталу мерзімін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапур университетінің технология, дизайн және зертханасының ғалымдар тобы арнайы сайт әзірлеген. Сайтта белгілі бір мемлекетте коронавирустың аяқталу күнін көруге болатын. Ғалымдар Қазақстанды бұл тізімнен алып тастаған, деп хабарлады zakon.kz сайты.

Бұрын сайтта 87 елде індеттің аяқталу болжамын көруге болатын еді. Графиктер Covid-19 індетінің таралу жағдайларының саны бойынша жаңа статистикаға сәйкес жаңартылып, түзетіліп отырған. Сайт авторлары графиктердің астына деректермен толықтырып отырған.
Елдер тізімінде Қазақстан да болды. Атап өткендей, ҚР-да індеттің таралуы  сәуір айының соңында аяқталады делінген. 2 маусымға дейін жұқтырғандар саны 97% - ға, 14 маусымға қарай 99% - ға азаяды, 28 шілдеге дейін таралуын тоқтатады деген болжам жасалған. 
Шектеулерге байланысты барлық елге талдау енгізілмеді. Жылдам өзгерістерге байланысты енді қосылмаған елдер үшін ерте болжамдардан бас тарту ұсынылды. Сондай - ақ, елдер тізімі күн сайын деректерге байланысты өзгереді, - делінген сайт авторларының хабарламасында.

Енді болжам 24 ел үшін ұсынылған. ТМД елдерінін тізімінде тек Ресей мемлекеті бар. Көрші елдегі індет бастапқы болжамдағандай, 20 шілдеде емес, 17 тамызда толық аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, болжамдарды құру үшін сингапурлық ғалымдар SIR-модельді қолданған. Ол сезімтал, жұқтырғандарды және белгілі бір уақытта ауырып қалған индивидтерді, сондай-ақ, адамдар арасындағы байланыс қарқындылығын ескереді.

Айта кеткен жөн, 5 мамыр күні таңертең мәліметтер бойынша,  Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 4121 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 1173 адам сауығып, 29 адам қайтыс болды.



Өзгелердің жаңалығы