СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді - Әлихан Смайылов

3 Сәуір 2023, 15:13
649
Бөлісу:
СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді - Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сыртқы істер министрлігінің ұжымына жаңа басшы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов қазіргі геосаяси ахуал кезінде сыртқы саяси ведомство жұмысының маңызы артқанын атап өтті. Дипломатиялық шешімдер арқылы ҚР СІМ жақын және алыс шет елдермен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға және ұлттық экономиканы дамытуға елеулі үлес қосып отыр. 

«СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді. Президент ведомство алдына маңызды мақсаттар қойды, ұжымға оларға қол жеткізуде табыс тілеймін», - деді Үкімет басшысы. 

СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді - Әлихан Смайылов

Премьер-Министр жауапты басшылық лауазымдарда мол тәжірибесі бар Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді. 

СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді - Әлихан Смайылов


 

Өзгелердің жаңалығы