Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СІМ жауабы: Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығу үшін келіссөз жүргізіп жатыр ма

Олжас АДАЙ
25 Қыркүйек 2023, 17:12
4800
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифингте Смадияровқа “Қазақстан Армениямен бірге ҰҚШҰ-дан шығады деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат қаншалықты рас” деп сұрақ қойылды.

Қазір әріптестерімнен нақтылаймын. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспайды. Армения өз талабын белгілесе,олардың мәселесі. Біз ұйым аясында әлі істеп жатырмыз. 1-2 күн бұрын ғана кездесіп, ұйымның даму мәселесін талқыладық. Біздің еліміз ұйымның құрылуына атсалысқан елдердің бірі,- деп жауап берді Смадияров.

Еске сала кетсек, осыған дейін СІМ-нің ресми өкілі Қазақстан АЭС жобасын Венада таныстыратынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы