Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясының аяқталуы туралы брифигте СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский мәлімдеді.
Қазіргі таңда Қазақстан бастамашылық еткен ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің миссиясы сәтті аяқталды. Қазақстанның ресми өтінішінің негізінде ҰҚШҰ барлық елдері қойған құжаттарға сәйкес 13 қаңтардан бастап ҰҚШҰ шығарылуы басталды, - деді СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский.
Сондай-ақ ол елімізге келген бітімгерлер өз миссиясын сәтті аяқтап, өз елдеріне оралуда екенін жеткізді.
ҰҚШҰ шартқа қол қойылғаннан бері 30 жылдың ішінде ҰҚШҰ алғашқы рет шақырылғанын атап өту керек. Террористер мен экстремистер тарапынан жасалған агрессияны ескере отырып, еліміз ҰҚШҰ бойынша әріптестерге қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгінген болатын, -деп атап өтті Синяговский.