СІМ Түркияға қыдырып баратындарға нені ескеру керектігін айтты

14 Қараша 2022, 15:57
796
Бөлісу:
СІМ Түркияға қыдырып баратындарға нені ескеру керектігін айтты

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қауіпсіздік мақсатында біз әрқашан (шетелге шығатын) азаматтарымызды хабардар етіп отырамыз. Шет мемлекетке барар кезде сол елдің соңғы жаңалықтарын оқып, сол елде болу ережелерімен мұқият танысып, дайындалып бару қажет. Әрине, осындай келешекте болады деп ешкім кепіл бере алмайды. Бірақ сонда да "Сақтықта қорлық жоқ". Біздің азаматтарымыз барлығын есептеп, өз қауіпсіздігін алдын ала ойлануы керек, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің өкілі "Ыстанбұлдағы жарылыстан қаза тапқандар арасында отандастарымыз бар ма?" деген сұраққа жауап берген болатын. 

Кеше Ыстанбұлдағы Таксим алаңына шығатын Истикляль көшесінде жарылыс орын алғаны белгілі. Салдарынан төрт адам мерт болып, 38 адамның жараланғаны туралы ақпарат тарады. 

Белгілі болғандай, Түркияның бас қалаларының біріндегі Қазақстан консулдығы қызу жұмыс істеуде, олар үнемі жергілікті билікпен байланыста отыр.  

Өзгелердің жаңалығы