СІМ: Талибан билігі Қазақстанға келіп жұмыс істейді

17 Сәуір 2023, 17:03
1251
Бөлісу:
СІМ: Талибан билігі Қазақстанға келіп жұмыс істейді
Фото: gov.kz

Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің дипломаттарын аккредиттеуге рұқсат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Еліміз Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің аккредиттеу туралы өтінішіне оң шешім қабылдаған.

2021 жылғы тамызда бұрынғы режимнің құлауымен билікте вакуум қалды. Ауғанстан Ислам Республикасының шетелдегі елшілігі бұл мемлекетті ұсынуды тоқтатты. Жағдай күрделі, бірақ бірегей емес. Тарих бірқатар мемлекетте билік жүйесінің ауысқан көптеген мысалына куә. Бұл жаңа биліктің сайланбалы өкіметтің өкілеттілігі (легитимділік – ред.) мәселесін тудырады, - деп атап өтті сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі.

Сонымен қатар ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстанмен әріптестік туралы айтқан сөзіне тоқталды.

Президент Ауғанстанмен біздің гуманитарлық әріптестігімізге назар аударды. Мысалы, Ауғанстанда тұтынылатын ұнның 90 пайызы – қазақстандық өнім. Дәл осы аспектіні Сауда министрі Серік Жұманғарин Кабул қаласына барған кезде назарға алды, - деді Айбек Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы