СІМ: Шетелде 5 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді

19 Наурыз 2023, 19:32
758
Бөлісу:
СІМ: Шетелде 5 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді
Фото: СІМ

Елімізде өтіп жатқан Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына шетелде дауыс беру құқығына ие 12 мыңнан астам қазақстандық қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. 

Шетелде жүрген, ҚР шет мемлекеттердегі мекемелеріндегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында 62 шет мемлекетте 77 учаскелік сайлау комиссиясы құрылды. Ол жердегі сайлаушылардың жалпы саны 12 016 адамды құрады, - деп атап өтті Сыртқы саяси ведомствоның вице-министрі.

Айтуынша, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 11 учаскелік сайлау комиссия өз жұмысын аяқтады. Олардың қатарында: Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта мен Ханой қалалары бар. 

Соңғы деректерге сәйкес, 5071 Қазақстан азаматы дауыс берді, ол 41,8 пайызға тең. 66 учаске жұмысын жалғастыруда, - деп нақтылады Роман Василенко.

Айта кететін жайт, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні сағат 09.00-де Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесінде аяқталады.   

Өзгелердің жаңалығы