Шетелдік журналистер мен байқаушыларды аккредиттеу кеше аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сыртқы істер министрлігі жанында тұрақты негізде 14 мемлекеттегі 38 БАҚ-тан 162 шетелдік журналист аккредиттелді. Олар референдумды бақылауға құқығы бар. Сондай-ақ уақытша аккредитацияны қосымша 23 елден 38 журналист алды. Барлығы 200 журналист рефердумды бақылай алады, – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.
Сондай-ақ Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдумға 30 шет мемлекеттен 75 және 4 халықаралық ұйымнан 102 байқаушы ресми түрде қатысады. Барлығы 177 байқаушы бар.
Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал етеді, – деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Еске сала кетейік, осыған дейін референдумға қатысатын шетелдік байқаушылар туралы жаздық.