СІМ Қазақстанның ДХР мен ЛХР референдум бойынша ұстанымын мәлімдеді

26 Қыркүйек 2022, 11:28
1697
Бөлісу:
СІМ Қазақстанның ДХР мен ЛХР референдум бойынша ұстанымын мәлімдеді

Сыртқы істер министрлігі ЛХР және ДХР референдумына қатысты түсініктеме берді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЛХР, ДХР, Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады. Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Қазақстан тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы