Қытай СІМ: Әлемдік қауымдастықты "әлемдік отбасы" ретінде қарастыруымыз керек

16 Ақпан 2020, 12:49
1585
Бөлісу:
Қытай СІМ: Әлемдік қауымдастықты "әлемдік отбасы" ретінде қарастыруымыз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И 56-шы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөз сөйледі. 

Ван И Қытайдағы пневмонияның жаңа түрін тудырған коронавирусқа қатысты ахуалға тоқталып, жаһандану заманында қиындықтар, жауапкершіліктер мен тағдырлар бәріне ортақ екенін айтты.

Ол өз сөзінде кенеттен пайда болған індет дәстүрлі және дәстүрлі емес сын тегеуріндер мен қатерлер өзара араласып, жергілікті проблемалар жаһандық мәселеге айнала бастаған дәуірде өмір сүріп жатқанымызды тағы бір рет еске салды. 

Ешбір мемлекет тек өзін ойлап, тек өздігінен басқаруға ұмтыла алмайды, өйткені әлемнің барлық елдерінің мүдделері бір-бірімен тығыз байланысты. Біз Батыс пен Шығыстың арасындағы алшақтықтан арылып, оңтүстік пен солтүстіктің арасындағы алшақтықты жоюымыз керек және шынымен де біздің өмір сүруіміз байланысты болатын планетаға тірі біртұтас қоғамдастық ретінде қарауымыз қажет. Біз идеологиялық тұңғиықтан өтіп, әр түрлі елдердің тарихы мен мәдениетін көтеріп, шынымен де біздің әлемдік қауымдастықты бір "әлемдік отбасы" ретінде қарастыруды бастауымыз керек, - деп атап айтты Ван И Мюнхен қауіпсіздік конференциясында.

Сонымен қатар, Қытай елінің сыртқы істер министрі жаһандану заманында қиындықтар, жауапкершіліктер мен тағдырлар бәріне ортақ екенін атап өтті.

Біз көпжақты ынтымақтастықтың тиімді негізін табуға және үнемі туындаған түрлі сын-қатерлерге бірлесіп жауап беруге тиіспіз. Бұдан басқа, көпжақты ынтымақтастықтың дұрыс тұжырымдамасын жасауымыз керек және бір-бірімізбен тығыз байланыста болған жалпы мәселелерді дұрыс шешуіміз керек, - деп мәлімдеді Ван И.
Өзгелердің жаңалығы