СІМ орынбасары БҰҰ-ның дамуды үйлестіру жөніндегі өкілімен кездесті

7 Қазан 2021, 22:09
4809
Бөлісу:
СІМ орынбасары БҰҰ-ның дамуды үйлестіру жөніндегі өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа және ТМД елдері бойынша дамуды үйлестіру офисінің өңірлік директоры Гви-Йоп Сонмен кездесті.

Тараптар Қазақстанның БҰҰ-мен өзара іс-қимылына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Гви-Йоп Сон өз кеңсесінің өңір елдерін орнықты даму шеңберінде қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

Қазақстан СІМ басшысының орынбасары елімізге тұрақты қолдау көрсеткені үшін БҰҰ-ға алғысын білдіріп, орнықты даму саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендігін білдірді. Өзара іс-қимылдың басымдықтары ретінде КОВИД-19 пандемиясы мен оның салдарымен күрес және орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу, оның ішінде климаттық күн тәртібі және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңеюі атап өтілді.

Сонымен қатар, А. Рахметуллин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік реформалары, БҰҰ-ның Алматыдағы ОДМ жөніндегі өңірлік орталығы сияқты Қазақстанның халықаралық бастамалары және Ауғанстан мен Орталық Азия елдерін гуманитарлық қолдау жөніндегі күш-жігері туралы хабардар етті.

Кездесуді қорыта келе, тараптар даму саласындағы барлық мәселелер бойынша жемісті және өзара тиімді көп деңгейлі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы