Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көптеген елдер үшін келесідей шектеулер енгізілді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.
1 "А" санатындағы елдер үшін (Иран, Италия, Қытай, Корея) келесі шектеулер енгізіледі: Аталған елдердің азаматтарына және соңғы 30 күн ішінде осы елдерге барған адамдарға визаларды беру және ҚР аумағына кіру уақытша тоқтатылды.
Анықтама: 1 санаттағы елдердің аумағында тұрмайтын және осы мемлекеттерге соңғы 30 күн ішінде келмеген тұлғалар үшін визаларды ресімдеуге және ҚР-ға келуге шектеулер қолданылмайды.
1 "А" санатындағы елдерден қайтып оралған ҚР аумағында тұратын шетелдік азаматтар тұруға ықтиярхаттың негізінде және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстанға кіре алады және бұл жағдайда жергілікті органдармен белгіленген үй-жайларда оқшауланып, 14 күн мерзімге карантинге орналастырылады.
Тұрақты авиарейстер, жаяу өтпе жолдар, Қытаймен темір жол/автомобиль жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Иранмен әуе қатынасы тоқтатылды.
Анықтама: Кореядан "Алматы-Сеул-Алматы" бағыты бойынша аптасына 2 рет "Эйр-Астана" және "Азиана-Эйрлайнз" әуекомпаниялары ұшады, ал "Нұр-Сұлтан-Сеул-Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша аптасына 1 рет "Эйр-Астана" әуекомпаниясы ұшады. "Эйр-Астана" әуекомпаниясы тек ҚР азаматтарын тасымалдайды.
Ресми және үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, 1 "А" санатындағы елдерден келген, сол елдерде соңғы болған сәтінен бастап 14 күн өтпеген адамдар жергілікті органдар белгілеген үй-жайларда оқшаулана отырып, 14 күн мерзімге карантинге орналастырылады.
1 "Б" санатындағы елдер үшін (Германия, Испания, Франция):
Аталған елдердің азаматтарына және соңғы 30 күн ішінде осы елдерге барған адамдарға визаларды беру және ҚР аумағына кіру уақытша тоқтатылды.
Анықтама: 1 санаттағы елдердің аумағында тұрмайтын және осы мемлекеттерге соңғы 30 күн ішінде келмеген тұлғалар үшін визаларды ресімдеуге және ҚР-ға келуге шектеулер қолданылмайды.
1 "Б" санатындағы елдерден келген ҚР аумағында тұратын шетелдік азаматтар тұруға ықтиярхаттың негізінде және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына кіре алады және бұл жағдайда үйде оқшаулауға орналастырылады.
Ресми және үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, 1 "Б" санатындағы елдерден келген, сол елдерде соңғы болған сәтінен бастап 14 күн өтпеген адамдар үйде оқшаулауға орналастырылады (ҚР ДСМ талаптарына, соның ішінде халық көп жиналатын орындарға бармай, үй карантинде болу). Үйде оқшаулау ережелерінің сақталуын бақылау және кеңес беруді ҚР ДСМ қызметкерлері қоңырау шалу арқылы жүргізеді. Үйде оқшаулау үшін мүмкіндік болмаған жағдайда ауруханаға жатқызылады.
Ресми және үкіметтік делегациялардың мүшелері, қызметтік және дипломатиялық төлқұжаттардың иелері, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдар және 1а) және 1б) санатындағы елдерден жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер 2-санаттағы секілід қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға алынады;
2 санаттағы елдер үшін (Ұлыбритания, Нидерланды, Швейцария):
2 санаттағы елдерден келген адамдарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы қоңырау шалу арқылы тұрғылықты жері бойынша Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (МСАК) медицина қызметкерінің бақылауында болады.
3 санаттағы елдер үшін (Бельгия, Үндістан, Ирак, Норвегия, АҚШ, Филиппин, Швеция):
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша 3 санаттағы елдердегі эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді.