СІМ Грузияда ұсталған қазақстандыққа қатысты жаңа мәліметтерді жариялады

Қазақстан азаматына есірткіге қатысты айып тағылып, іс министрлік бақылауына алынды.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 16:24
Бүгiн 2026, 16:24
123
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Грузияда ұсталған Қазақстан азаматына қатысты жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі 22 сәуір күні Грузияның Имерети өңірінде Қазақстан азаматы А. Дастанның ұсталғанын растады.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Грузияның құқық қорғау органдары біздің азаматқа осы елдің Қылмыстық кодексінің 260-бабы 1-бөлігі бойынша (есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау) құқық бұзушылық жасады деген айып тағып отыр. Қазақстанның консулы істің барлық мән-жайын анықтау үшін Грузияның құзырлы органдарымен тікелей байланыста, – делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ведомство бұл мәселе министрліктің бақылауында екенін атап өтті.

Тағы да бір рет отандастарымызды барған елдің заңнамасын қатаң сақтауға шақырамыз, – деп ескертті ҚР СІМ.

Айта кетейік, бұған дейін Грузия Ішкі істер министрлігі тергеу 260-бап бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Алдын ала деректерге сәйкес, бастапқыда осы баптың 6-бөлігі қаралған, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Алайда Қазақстан СІМ істің Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы 1-бөлігі бойынша қаралып жатқанын нақтылады, бұл бап 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Наверх