СІМ: Еліміз халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократияны қолдайды

28 Желтоқсан 2022, 16:39
765
Бөлісу:
СІМ: Еліміз халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократияны қолдайды

Қазақстан халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократияны қолдайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан бұдан былай БҰҰ жарғысын, халықаралық құқықты және халықаралық қатынастардағы теңдік пен  демократиялық қағидаттарды ұдайы қолдайтынын атап өткім келеді. Мемлекет басшысы ұлықтауында атап өткендей, халықаралық турбуленнтік жағдайда, Қазақстан теңгерімді, көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясат ұстанады, – деді Айбек Смадияров.

Кеше Үкімет отырысынан соң Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған бірде бір сұраққа жауап бермеген болатын.

Еске салсақ, СІМ өкілі Айбек Смадияров Ресей елшісінің сұхбатына қатысты түсініктеме беруі керек еді. Алайда, осы уақытқа дейін ешқандай жауап жоқ.

Сонымен қатар СІМ өкілі әлеуметтік желіде Ресейдің саясатын насихаттағандарға қатысты пікір білдірген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы