СІМ делегациясы Венада есірткіге қарсы шараларды талқылайды

13 Наурыз 2023, 17:26
947
Бөлісу:
СІМ делегациясы Венада есірткіге қарсы шараларды талқылайды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

13-17 наурыз аралығында Вена қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров БҰҰ Есірткі заттар комиссиясының 66-шы сессиясына қатысады. Іс-шарада қазақстандық делегация басшысының ұлттық баяндамасымен сөз сөйлеуі күтілуде, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Айтуынша, вице-министр маңызды жиынға қатысады. 

Бұдан басқа, Венаға іссапар барысында БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған. Қазақстандық делегация басшысы сондай-ақ биыл 14 наурызда БҰҰ Есірткі заттар комиссиясының 66-шы сессиясы аясында жоспарланған Есірткі құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының іс-шарасында сөз сөйлейді. Жиын барысында нашақорлыққа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен алдағы қадамдар талқыланады және баяндамалар тыңдалады, - деді Айбек Смадияров. 

Өзгелердің жаңалығы