СІМ-де шетелдік елдерге көмек көрсетуге арналған агенттіктің құрылуы талқыланды

19 Тамыз 2020, 11:28
1103
Бөлісу:
СІМ-де шетелдік елдерге көмек көрсетуге арналған агенттіктің құрылуы талқыланды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда даму бойынша ресми көмек көрсету жөніндегі KazAID ұлттық агенттігін құру мәселесі Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында талқыланды. 

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев оператордың маңыздылығы мен мақсатын айтып берді. 
Тиісті құқықтық процедураларға сәйкес, жоба сайтымызда жарияланып тиісті азаматтар пікірлерін білдірді. 2013 жылы 9 сәуірде ҚР Президентінің жарлығымен елдің дамуға тиісті көмек саласындағы заңнамасы бекітілді. Келесі жылдың 10 желтоқсанында дамудың кейбір заңнамалық актілеріне тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қабылданды. Биылғы жазда нормативтік талаптарға сәйкес, дамушы елдерге көмек көрсетуге арналған KazAID агенттігінің құрылуына арналған Үкіметтің қаулы жобасы талқылауға шығарылды, - деді Ашықбаев.
 
Айта кетейік, баспасөз конференциясы барлық санитарлық талаптарға сай өтті.
Өзгелердің жаңалығы