Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қытайдағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер ашылды.
Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады, - делінген хабарламада.Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустық инфекция бойынша жедел штабы құрылғаны туралы жазған едік.