СІМ-де азаптауға қарсы мәселелер талқыланды

10 Желтоқсан 2023, 11:37
543
Бөлісу:
СІМ-де азаптауға қарсы мәселелер талқыланды
Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыс шеңберінде азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды, 2023 жылы «АӨДА» ККО жұмысының қорытындысы шығарылды және 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Іс-шараға Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, Бас прокуратураның, мүдделі министрліктердің өкілдері, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ, сондай-ақ алаң қонақтары, халықаралық әріптестердің өкілдері – БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігі және т. б. қатысты.

Р. Василенко өзінің құттықтау сөзінде 2023 жылдың Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығы ретінде бүкіл әлем үшін маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтауға деген адалдығын тағы да растады. Ол азаматтарымыздың өсіп келе жатқан қоғамдық қызметі аясында мемлекеттік органдардың сындарлы серіктесі ретінде саяси басқарудың барлық салаларындағы азаматтық қоғамның рөлін ерекше атап өтті. Р. Василенко қатысушыларды ККО алаңында енгізілген азаматтық сектордың ұсыныстарын имплементациялау бойынша 76 ірі заңнамалық бастамалар туралы хабардар етті. Бүгінде бұл ұсыныстар мемлекеттік органдардың қарарында.

Атап айтқанда, адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың басшысы С. Турсынбекова азаптаудың алдын алудың ұлттық тетігін терең заңнамалық жаңғыртуды атап өтті. Ол азаптауға байланысты қылмыстарды сотқа дейінгі тергеуді прокуратураның айрықша тергеуіне беру туралы айтты. Бұл тергеудің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз етеді, құқық қорғау саласындағы озбырлық үшін жазаның бұлтартпастығын растайды. С. Турсынбекова азаптау үшін қылмыстық жазаның ең жоғары мерзімін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтуға да аса назар аударды.

Өз кезегінде ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің бірінші орынбасары А. Қадырбеков заңнаманы жетілдіруге бағытталған құқықтық және құрылымдық реформаларды белгіледі. Атап айтқанда, сотталғандардың ҚР мемлекеттік органдарына және адам құқықтары жөніндегі уәкілге электрондық өтініштерді жолдау терминалдары іске қосылды. Осы жылдан бастап тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді ІІМ-нің қарауынан Денсаулық сақтау министрлігіне беру, сондай-ақ барлық «соқыр аймақтарды» қоса, Пенитенциарлық мекемелерде үздіксіз бейнебақылау енгізу маңызды кезең болды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесін талқылау барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) үйлестіру кеңесінің мүшесі Б. Жақаев азаптауға қарсы Конвенция шеңберінде қабылданған халықаралық міндеттемелерге «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңының сәйкес келмеуі туралы мәселені көтерді. Сонымен қатар, ол әкімшілік мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың жеткіліксіз орындалғанын атап өтті. Осыған байланысты, кейіннен заңға тәуелді актілер қабылданбайтын барлық мекемелерде барлық ұсталғандарды ұстау шарттары бойынша бірыңғай императивті норманы көздейтін кодификацияланған заң қабылдауды ұсынды .

Осыған байланысты, АҚмЗСЖҚХБ директорының орынбасары Ақылбекова азаптауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді тәсілдің қажеттігін атап өтіп, азаптаудың алдын алу шараларын әзірлеу бойынша мемлекеттік органдармен ашық диалог пен өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді.

Күн тәртібін талқылау ашық және сындарлы сипатта болды, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері Адам құқықтары саласындағы заңнамалық базаны жүйелі түрде жақсарту үшін практикалық ұсыныстар берді.

Өзгелердің жаңалығы