СІМ: Белгілі фаст-фуд желісінің жабылуы мемлекет имиджіне әсер етпейді

16 Қаңтар 2023, 17:14
722
Бөлісу:
СІМ: Белгілі фаст-фуд желісінің жабылуы мемлекет имиджіне әсер етпейді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Қазақстандағы McDonald’s компаниясының жабуы елдің имиджіне айтарлықтай нұқсан келтірмейді.  

Сонымен қатар «Вкусно и точка» компаниясының елде тіркелуге өтініш бергендігі туралы ақпаратты нарықтың мәселесі деп бағалады. 

Қоғамдық тамақтану мәселелері Сыртқы істер министрлігінің құзыретіне кірмейді. Бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмаймын. Қандай жағдай болмасын, қандай компания келсе де, бәсекелестік, нарық бар. Бұл – нарық. Ол (нарық – ред.) кімнің кетіп, кімнің келетінін өзі реттейді, - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің өкілі ведомствоның апталық брифингінде БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында. 

Ал әйгілі фаст-фуд брендінің елден кетуі «Қазақстан имиджіне әсер ете ме?» деген сұраққа еш әсері жоқтығын айтты. 

Еске сала кетейік, 5 қаңтарда  McDonald’s компаниясы Қазақстандағы жұмысын тоқтатқан болатын. 

Сондай-ақ «Вкусно и точно» тамақтану желісі Қазақстанда тауарлық белгіге тіркелуге өтініш бергені туралы ақпарат тарады.  

Бұған дейін 10 мың доллар талап ететін «Алтын үшбұрыш» аталып кеткен еңбек құлдығы туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы