СІМ басшысы Жапония елшісімен кездесті

Кеше, 21:12
137
Бөлісу:
СІМ басшысы Жапония елшісімен кездесті
Фото: СІМ баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жаңадан тағайындалған Жапонияның Қазақстандағы елшісі Ясумаса Ииджиманы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылап, 2025 жылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне ерекше назар аударды.

Екіжақты сауда айналымының және жапондық тікелей инвестициялардың елеулі көлемін ескере отырып,
сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығы ерекше назарға алынды.

Қазақстан мен Жапония арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық және жекеменшік секторларындағы бірлескен комиссиясының өзара тиімді серіктестігін ілгерілетуге бағытталған үлесі аталып өтті.

Өз кезегінде Я.Ииджима екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін белсенді өзара ықпалдастыққа дайындығын білдірді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы М.Нұртілеу Жапонияның Елшісіне оның Қазақстандағы қызметіне сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы