СІМ басшысы Түркі академиясының президентін қабылдады

29 Желтоқсан 2020, 22:22
1450
Бөлісу:
СІМ басшысы Түркі академиясының президентін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлімен кездесіп, Қазақстан мен Түркі академиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Д.Қыдырәлі Министрге ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, ҚР Сыртқы істер министрлігі осы ұйымды институционалдық ресімдеу бойынша атқарған елеулі жұмысын атап өтті. Атап айтқанда, биыл Түркі академиясының Қаржылық ережелері туралы келісімге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі академиясы арасында Академияны орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімге қол қойылды.

Түркі академиясы 2010 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы