СІМ басшысы Кувейттің сыртқы істер министрімен кездесті

5 Наурыз 2024, 23:09
303
Бөлісу:
СІМ басшысы Кувейттің сыртқы істер министрімен кездесті
Фото: gov.kz

Джиддаға жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Абдалла Али әл-Яхьямен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Кувейт қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Сұхбаттастар сапарлармен алмасу және түрлі іс-шараларды, соның ішінде Қазақстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысын және ірі Кувейт компанияларының қатысуымен инвестициялық бизнес-форумды өткізу арқылы барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кувейт Әмірі Мишаал Ас-Сабах арасындағы "Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" бірінші саммиті шеңберінде 2023 жылғы шілдеде Джидда қаласында өткен кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы