СІМ Қазақстан азаматтығын жоғалтқандардың өтінішін қабылдауды тоқтатты

25 Мамыр 2020, 21:25
1799
Бөлісу:
СІМ Қазақстан азаматтығын жоғалтқандардың өтінішін қабылдауды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 31-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатады. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінуге болады - делінген хабарламада.

Заң мәтінінің толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы