Осы аптада Қазақстан астанасында жоғары және аса жоғары деңгейдегі бірқатар халықаралық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ағымдағы жылдың 12-13 қазанында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне 11 мемлекет басшысы (Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан), 1 вице-президент (Вьетнам), 1 төрағаның орынбасары (Қытай) және 5 министр қатысады. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь президенті де саммитке қатысады, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған қоса, Қатар Әмірінің, Түркия мен Түрікменстан президенттерінің Қазақстанға 3 мемлекеттік сапары жоспарланып отыр.