СІМ адам саудасымен күрес мәселесін талқылады

20 Сәуір 2022, 14:30
1576
Бөлісу:
СІМ адам саудасымен күрес мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі мен үйлестірушісі Валиант Ричимен кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ол ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарлама офисі ұйымдастырған «Жеткізілім тізбегіндегі жұмыс күшін пайдалану үшін адам саудасы – халықаралық сауда және бизнесті басқару заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы жаңарту» пікірталас форумына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен  келген болатын.

Кездесу барысында тараптар ЕҚЫҰ-ның 2003 жылғы Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыруды, Ұйым шеңберінде осы мәселені халықаралық аренада шешу үшін күш-жігерді, сондай-ақ соңғы жылғы Ауғанстан мен Украинадағы оқиғаларға байланысты көші-қон жағдайының нашарлауын талқылады.

Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы болып табылады. Осыған орай, ЕҚЫҰ-да алғашқы пікірталас форумын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды. Осындай форматтағы іс-шаралар болашақта өңірдің басқа астаналарында да өткізілетін болады, – деп атап өтті Валиант Ричи.

Өз кезегінде, Р.Василенко 2016 жылы күшіне енген ҚР Ішкі істер министрлігі мен ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисі арасындағы Адам саудасына қарсы күрес туралы меморандум аясындағы бірлескен жұмысты атап өтті. 

Қазақстанның күш-жігері халықаралық деңгейде байқалатынымен, бұл біздің қол жеткізген жетістіктерімізде тоқталуға болады дегенді білдірмейді. Керісінше, осы ұят және қылмыстық құбылысқа қарсы күресте, оның үстіне халықаралық аренадағы жағдайдың ушығуы аясында бірлескен күш-жігерімізді арттыруымыз қажет, – деп атап өтті қазақстандық дипломат.

Тараптар адам саудасына қарсы күрес саласында одан әрі тәжірибе алмасу үшін өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы