Сібір жарасын жұқтырған қарағандылық қайтыс болды

27 Қазан 2023, 09:01
986
Бөлісу:
Сібір жарасын жұқтырған қарағандылық қайтыс болды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы Сібір жарасын жұқтырған 1948 жылғы науқастың қолданылған шараларға қарамастан қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ол жансақтау бөлімінде жатқан.

Науқас Сібір жарасының ауыр түріне шалдыққан. Әрі өзінің қосарлас аурулары болған. Бұдан бөлек науқас медициналық қызметке кеш жүгінген. Денсаулық сақтау басқармасы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар басқармадағылар Сібір жарасын жұқтырған басқа науқастарға қатысты мәлімет берді.

Сібір жарасын жұқтырған тағы екі науқастың жағдайы тұрақты. Олар дәрігердің тұрақты бақылауында, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, кеше Қарағанды облысының Топар ауылында үш адамнан Сібір жарасы анықталғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы