Сиань қаласында «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін Қытайдың Сиань қаласында «Бір белдеу, бір жол» БАҚ ынтымақтастығы форумы жұмысын бастады.
2013 жылдың күзінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолы экономикалық белдеуі» мен «ХХІ ғасыр теңіз Жібек жолы» құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы бастама көтерген болатын. Соңғы 9 жылда «Белдеу және жол» бірлескен құрылыс бастамасы тұжырымдамадан әрекетке, көзқарастан шындыққа қарай дамып, халықаралық ынтымақтастықтың әлемдегі ең үлкен алаңы мен ең танымал халықаралық қоғамдық өнімге айналды. «Жэньминь жибао» «Бір белдеу және бір жол» бірлескен құрылысы жұмысы туралы ақпараттарды белсенді таратып келеді.
2014 жылдан 2018 жылға дейін БАҚ ынтымақтастығы үшін «Бір белдеу – бір жол» форумы 5 рет өткізілген.
«Жаһандық даму және өзара байланысты тереңдету» ұранымен өтіп жатқан форумды «Жэньминь жибао» газеті (People’s Daily), Шэньси өлкесінің партия комитеті және провинция үкіметі бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға 40-тан астам ел мен халықаралық ұйымдардан 120-дан астам қытайлық және шетелдік БАҚ өкілдері онлайн және форматта қатысып жатыр.
Форумға орталық және мемлекеттік органдардың мүдделі министрліктері мен комиссияларының жауапты өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар, «Белдеу, бір жол» бірлескен құрылысына қатысатын бірқатар мемлекеттік және жеке кәсіпорынның басшылары да атсалысып жатыр.
Форум жұмысы екі бөлімнен тұрады. Олар - «Бір белдеу, бір жол» өңірлік ынтымақтастық және Жаһандық даму бастамасының БАҚ диалогы.
1-8 тамыз аралығында «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумының сұхбат және танысу сапары өткен болатын. Қытайлық және шетелдік журналистер төрт бағытта Шэньсидің бірнеше аймағын аралап, Шэньси провинциясының қалай дамып жатқаны жайында мағлұмат алып, жергілікті тұрғындармен әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Бүгінгі форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Латын Америкасы елдері, Оңтүстік Корея, Мысыр және басқа да елдер қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында екі ел әртүрлі салада серіктестік орнатты.