Си Цзиньпин сөзі геосаяси тұрғыдан аса маңызды мәлімдеме

14 Қыркүйек 2022, 18:23
1199
Бөлісу:
Си Цзиньпин сөзі геосаяси тұрғыдан аса маңызды мәлімдеме

Бұл туралы Қазбек Майгелдинов өзінің жеке facebook парақшасында  жазады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Си Цзиньпин қазақ-қытай қарым-қатынастарының дамуын жоғары бағалап, бүгінгі сапарының екіжақты байланыстарды одан әрі ілгерілетуге тың серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Қытай өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымдарын қолдайды.

 Қазақстан халқы сіздің басшылығыңызбен мемлекеттік құрылыс пен ұлттық жаңғыру ісінде жаңа табыстарға жететіні күмәнсіз. Қытай үкіметі Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарға зор көңіл бөлетініне тағы да қайталап айтқым келеді. Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, біз алдағы уақытта Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын сақтауына қолдау көрсетеміз. Тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету жөніндегі Сіз жүргізіп жатқан реформаларды толық қолдай отырып, сіздің еліңіздің ішкі істеріне қандай да бір күштердің араласуына үзілді-кесілді қарсы боламыз. Қытай Қазақстанның сенімді досы және сенімді серіктесі болды және болып қала береді, - дейді ол.

Оның айтуынша, дипломатиялық қарым-қатынастар орнағалы бері Қазақстан мен Қытай арасындағы беріктік сынынан лайықты өткен қарым-қатынастар үнемі жаңа мазмұнмен толығып, дамумен, жемісін беріп келеді. 

Біздің елдеріміз бірқатар салалардағы ынтымақтастықтың авангардына айналды. Шекара мәселелерін алғашқылардың бірі болып шештік. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық үлгісін көрсетіп, индустрияландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты алғашқылардың бірі болып дамыттық. Біз екіжақты қарым-қатынастарды серпінді дамуға қол жеткізіп, Қытай дипломатиясында теңдесі жоқ мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне шығардық. Бүгінде Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы жаңа тарихи бастау алды, – деді Си Цзиньпин.

Әлемдегі екінші экономика, алпауыт держава, ортақ шекарасы бар елдің басшысы:

«Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, біз алдағы уақытта Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын сақтауына қолдау көрсетеміз» деп баса айтуы біздің еліміз үшін геосаяси тұрғыдан аса маңызды мәлімдеме,- дейді Қазбек Майгелдинов. 

Өзгелердің жаңалығы