ШЫҰ сайлауды демократиялық принциптерге сай өтті деп таныды

11 Қаңтар 2021, 10:46
1488
Бөлісу:
ШЫҰ сайлауды демократиялық принциптерге сай өтті деп таныды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) байқаушылар миссиясы Қазақстанда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауын демократиялық деп таныды.  

Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте жарияланған миссияның мәлімдемесінде айтылды.

Миссия өткен сайлауды еркін, әділ, сенімді және демократиялық деп таныды. Сайлаудың заңдылығы күмән тудырмайды, - деді миссия басшысы,  ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Чжан Хайчжоу.
ШЫҰ сайлауды демократиялық принциптерге сай өтті деп таныды

Оның айтуынша, миссия сайлау Қазақстанның сайлау заңнамасының талаптарына сай келді деп санайды.  

Сайлау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін заң бұзушылық жағдайлары анықталған жоқ, - деді ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы