ШЫҰ саммиті: Президенттер кеңесі отырысы басталды

4 Шілде 2024, 10:36
685
Бөлісу:
ШЫҰ саммиті: Президенттер кеңесі отырысы басталды
Фото: Артём Чурсинов

Астанада Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ШЫҰ саммиті: Президенттер кеңесі отырысы басталды

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев делегацияларды қарсы алып, кейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірге суретке түскен болатын.

ШЫҰ саммиті: Президенттер кеңесі отырысы басталды

Саммитке 16 елдің, атап айтқанда, Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары қатысады.

Сондай-ақ саммитке ШЫҰ Бас хатшысы мен ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысады. Оған БҰҰ Бас хатшысы мен ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ХОСБ және ЕЭК сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары, бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктестер басшылары қатысады деп күтіліп отыр.

ШЫҰ саммиті: Президенттер кеңесі отырысы басталды

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен саяси мәселелердің кең ауқымын қарастырады. Сонымен қатар Астанада өтетін саммитте Беларусьтің Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруі туралы шешім қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы