Шыңғыс Әрінов Қазақстан Президентінің Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

6 Қаңтар 2022, 03:25
1078
Бөлісу:
Шыңғыс Әрінов Қазақстан Президентінің Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, осы лауазымды атқарған Сәкен Исабеков ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылып, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы