Шымкенттің төлем картасымен Астанада жолақысын төлеуге болады

16 Шілде 2023, 23:35
513
Бөлісу:
Шымкенттің төлем картасымен Астанада жолақысын төлеуге болады
Фото: архив

Енді үшінші мегаполисте алынған төлем карталарын басқа қалаларда да пайдалануға болады. Атап айтқанда, жол жүруге арналған бағдарламаны бас қаланың автобустарында да еркін қолдануға мүмкіндік туды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың сөзінше қазір Алматы қаласындағы «Оңай» компаниясымен мәміле жүргізіліп жатыр. Келіссөз оң нәтиже берсе, басқа қалаларға барғанда жол картасын іздеп, сатып алудың қажеттілігі туындамайды.

Төлем бағдарламасымен Астанадағы қоғамдық көліктерге де төлеуге болады. Шымкентте де төлеуге болады. Қазір «Оңаймен» жұмыс істеп жатырмыз. «Оңаймен» Шымкентте де, Алматыда да төлеуге, «Төлеммен» Алматыда да төлеуге болатын етіп жасауға тырысып жатырмыз. Сонда адамдарға ыңғайлы болады. Бірнеше бағдарлама да жүктеп әуре болмайды, - дейді «Digital road» IT кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Сержан Ақылбаев.

Одан бөлек, енді ОҚМПУ-дың білім алушылары «Төлемді» студенттік карта ретінде қолдана алады. Бұл жүйе қыркүйек айынан бастап іске қосылмақ.

Өзгелердің жаңалығы