Шымкенттің бас жоспары Үкіметте мамырда бекітілмек

19 Сәуір 2023, 08:08
1459
Бөлісу:
Шымкенттің бас жоспары Үкіметте мамырда бекітілмек
Фото: gov.kz

Шымкент қаласының бас жоспары қабылданды. Шаһардың 2035 жылға дейінгі даму жоспары мамырда бекітіледі. Ал қазір тұрғындарға жер телімін мемлекет қажеттігіне алу бойынша түсіндіру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2021 жылы әзірленген Шымкент қаласының Бас жоспарының жобасы бірнеше рет қоғамдық талқылауға ұсынылған еді. Қазір қаланың бас құжаты жобасы қабылданып, сараптамадан өтуге жіберілген. Сараптамадан сәтті шықса, мамыр айының соңына дейін Үкіметтің бекітуіне тапсырылады.

Бас жоспар бекітілген соң айналма жолдар арқылы өтетін жер учаскелерде салынған тұрғын үйлер мемлекет меншігіне алынады. Жауаптылардың сөзінше, үйді бағалауға тәуелсіз сарапшылар тартылады. Және жылжымайтын мүліктің бағасы нарықтағы бағамен есептеледі екен.

Басқарма мамандарының мәліметінше, жер учаскесін мемлекет меншігіне алу үшін, мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін 1,484 млрд. тг қаржы жұмсалыпты. 2022-2023 жылдары 17 маңызды нысанның құрылысы үшін қарастырылған жер телімдері мемлекет мұқтажына толығымен қайтарылған. Ал мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 1442 жер учаскесіне, 157 нысан бойынша 33 қаулы қабылданған.

Өзгелердің жаңалығы