Шымкенттік құтқарушылар бегемотқа көмек көрсетті

11 Қаңтар 2022, 21:49
1185
Бөлісу:
Шымкенттік құтқарушылар бегемотқа көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік құтқарушылар бегемотқа көмек көрсетті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық зообақ әкімшілігі Шымкент қаласы ТЖД-ның «112» құтқару қызметіне хабарласып, бегемотқа көмек қажет екенін айтты. Бегемоттың төменгі азу тістері өсіп кеткендіктен, тамақтануы қиындай түскен, – деп хабарлады ТЖМ.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зообақ басшылығының рұқсатымен альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен жануардың жақ сүйегін керіп, гидравликалық кескішті қолдана отырып, кедергі келтірген тістерді кесіп тастады. Енді салмағы 3,5 тоннадан асатын гипоппотам ұзақ емдеу курсынан өтеді.

Айта кетейік, хайуанаттар бағының басшылығы 2019 жылы да құтқарушыларға осындай өтініш жасаған болатын. Ол кезде Тұрсын лақап атымен танымал гиппопотамның азу тістері өсіп, тұмсығына кіріп кеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы