Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады

30 Тамыз 2022, 11:02
1080
Бөлісу:
Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады
Фото: Polisia.kz

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады,  деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен: екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, “Сайга” тегіс ұңғылы мылтық, “Бенелли” аңшылық мылтығы, “Штурм” полиция қалқаны және дене бронды жилеті, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасы тәркіленді. 

ҚК-нің 287-бабының 1-ші және 3-бөліктері “Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы