Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған мейрамхананы анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізіп жатыр.
Полицейлер «Мерей» мейрамханасының карантин шектеулерін бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мейрамхана ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен.
Сондай-ақ үйлену тойға 200 адам жиналған. Аталған жайт бойынша мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.