Шымкенттік полицейлер адасып кеткен жасөспірімді тапты

19 Мамыр 2021, 23:35
1580
Бөлісу:
Шымкенттік полицейлер адасып кеткен жасөспірімді тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер адасып кеткен жасөспірімді тапты, деп хабарлады Polisia.kz. 

2021 жылдың 18 мамыр күні Әл-Фараби АПБ 102 нөміріне қала тұрғынынан 11 жасар жасөспірім адасып кетті деген хабарлама түскен. 

Онда баланың Шымкент қаласының Т. Рысқұлов көшесі №2 үйден белгісіз бағытқа шығып кеткендігі айтылған. Полицейлер ақпарат алысымен бірден шұғыл іздестіру жұмыстарына жұмырылдырылды. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстарын кеңінен жүргізген, - делінген ақпаратта.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адасып қалған жасөспірім бір сағат ішінде табылып, анасына дін-аман табысталды.


Өзгелердің жаңалығы