Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет жүрек ауыстыру отасын жасады

7 Шілде 2023, 11:15
760
Бөлісу:
Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет жүрек ауыстыру отасын жасады
Фото: Арман Мухатов - архив

Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет жүректі ауыстыру сияқты бірегей операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Науқасты бастапқыда механикалық құрылғыны имплантациялауға дайындалды, бірақ дәрігерлердің шешімі өзгерді.

Науқас созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауруханаға түсті, ұзақ уақыт бойы декомпенсацияда болған. Ол операцияға дайындалды. Бірақ бірнеше сағаттың ішінде бір облыстан донордың табылғаны белгілі болды. Ол 46 жастағы жүрегі таза адам екен. Дәрігерлер зерттеп, толық тексеруден кейін Шымкентте трансплантация жасауды ұйғарды, - деп түсіндірді дәрігерлер.

Операцияны Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының атақты кардиохирургы Юрий Пя басқарды.

Операция шамамен жеті сағатқа созылды. 61 жастағы науқастың жағдайы жақсы. Ауыр болса да тұрақты.

Осы уақытқа дейін Астана тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда жүрек трансплантациясы жасалған жалғыз орын болды. 2012 жылдан бері Юрий Пяның жетекшілігімен осындай 88 операция жасалған.

Өзгелердің жаңалығы