Шымкенттегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды

21 Мамыр 2022, 15:26
1526
Бөлісу:
Шымкенттегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі жарылыс  бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасының ​ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 292-бабы 2-бөлігі "адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады қалалық ПД.​

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 12:06 шамасында 102 телефонына Ғ.Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабарлама келіп түсті.​

Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Келген бойда жарылыс салдарынан № 138 ауруханааралық жеке дәріхананың ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс салдарынан болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады.​

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері перинаталды орталықтың пациенттерін және жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялап, оқиға орнын қоршауға алды . Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы